#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өзбекстан экономикасы көп ұзамай Қазақстанды басып озбақшы

Қазақстандық экономист Айдархан Құсайынов Өзбекстан экономикасының не себепті елімізді ерте ме, кеш пе басып озатынын айтып берді.

Қазақстандық экономист Айдархан Құсайынов Өзбекстан экономикасының не себепті елімізді ерте ме, кеш пе басып озатынын айтып берді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Таяу арада Өзбекстан елімізді «қуып жетіп, басып озуға жақын» деп нақты айта алмасам да, екі елдің арасындағы айырмашылық айтарлықтай үлкен. Осы орайда көршілес мемлекеттің өсу қарқыны бізге қарағанда едәуір жоғары», дейді Айдархан Құсайынов.

Сонымен қатар Қазақстанның бесжылдық стратегиялық мақсаты − экономикалық өсімді 5%-ға жеткізу. Осы шешімдер елді дағдарысқа алып келуі мүмкін деген болжам да бар.

Соңғы 12 жылда Өзбекстанның әл-ауқаты Қазақстанға қарағанда жедел дамып келеді. Себебі Қазақстан өз экономикасын құрылымдық тұрғыдан арттырмайынша, бүгінгі макроэкономикалық көрсеткіштер 5%-дан аса алмайды. Ал Өзбекстанның экономикадағы пайыздық үлесі 10%-дан 12%-ға дейін арта алады.

Соңғы жаңалықтар