Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Шымкент пен Сарыөзекте орналасқан Құрлық әскерлері бөлімдерінің оқу-жаттығу жауынгерлік әзірлігіне күтпеген тексеріс жариялады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» жалпы әскери полигонына бағынысты бөлімшелерді тексеруге жауынгерлік тапсырма түсті. Әскери қызметшілер әскери көліктерді белгіленген ауданға жеткізу үшін жүздеген шақырым жер жүрді.
Ауыр шынжыр табанды бронды техника теміржол көлігімен тасымалданды.
Белгіленген ауданға келгеннен кейін бөлімшелер жабдықталып, одан әрі іс-қимыл жасауға әзірленіп, қорғаныс позицияларына орналасады.
Әскер іс-қимыл жоспарына сәйкес белгіленген ауданға келгенде инженерлік құралдармен бекіністерді бүркемелеу және одан әрі оқу-жауынгерлік міндеттерді атқаруға әзірліктерін көрсетуі қажет.