Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз», — деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Айта кетейік, наурызда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады — сенбіден, 20 наурыздан сәрсенбіге, 24 наурызға дейін.