#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда полицей құрылысы аяқталмаған үйдің төбесінен құлап кетті

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті.

Алматыда жасөспірімдерді тоқтатуға тырысқан полицей құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жазба авторы Даначка Рахимованың айтуынша, полицей құрылысы аяқталмаған тоғыз қабатты үйден құлап кеткен. Оның айтуынша, ол қауіпті жерде ойнап жүрген жасөспірімдерді төмен түсіру үшін нысан төбесіне шыққан.

Добрый день друзья! У нас опять чп на этот раз сотрудник идн упал с недостройки гоняясь за подростками! Бакытжан…

Полиция өкілдері үйдің төбесінде 16-17 жастағы жасөспірімдер болғанын хабарлады. Оны көрген Алатау ауданының ювенал полиция қызметкері балаларға ескерту жасау үшін үй төбесіне шыққан.

«Профилактикалық әңгімелесу кезінде полиция қызметкері сүрініп, төмендегі қабатқа құлап кеткен. Қазіргі уақытта оған ота жасады. Бірақ әлі де жағдайы ауыр. Кәмелетке толмағандар қауіпсіз жерге жеткізілді және зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы «Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша хаттама толтырылды.

Жазба авторының мәліметіне сүйенсек, бұл осы нысанда болған алғашқы оқиға емес. Оның айтуынша, былтырғы қыркүйекте де осы нысан төбесінен адам құлап кетіп, зардап шекен.

«Қазір тұрғындар бұл мәселені шешіп, зардап шеккен полицей отбасын баспанамен қамтамасыз етуді сұрайды. Қызмет барысында осындай ауыр жарақат алды. Оның үш баласы бар, әйелінің аяғы ауыр. Төртінші баласын босанайын деп жүр», — деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар