Павлодар облысында өртсөндіруші қызметі барысында қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылы 25 ақпанда сағат 7.46-да Павлодар облысы Ақсу шағынауданында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. От төрт бөлмелі үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 10.16-да оқшауланып, сағат 11.00-де толық жойылды.
«Жалынмен күресіп жатқанда 1997 жылғы Ақсу қаласы №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың жағдайы нашарлап, Ақсу ауылдық дәрігерлік амбулаториясына ес-түссіз күйде жеткізілген. Кейін дәргерлер оның қайтыс болғандығын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
ҚР ТЖ министрлігінің ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қайтыс болған Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқарған екен. Павлодар қаласының тумасы, үйленген.
«Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі ерен. 1991-2021 жылдары аралығында қызметтік міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қайтыс болды»,- деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, 1995 жылы туған № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Ермек Тұрлыбеков Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.