Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін қолдану мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
2019 жылғы ақпанда Қазақстан Бесінші Каспий саммиті барысында 2018 жылғы 12 тамызда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады.
Сонымен қатар, заң қазақстандық балықшыларға Каспийде тәулік бойы балық аулауға рұқсат береді.