Орынбор облысындағы «Союз» магистраль газ құбырында жарылыс болды, салдарынан Ресейден Қазақстанға газ транзиті тоқтатылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сағат 8.49-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11.49-да) «Союз» магистраль газ құбырының нөлдік шақырымынан 123 шақырымына дейінгі газ құбыры учаскесінің жұмысы тоқтатылды. Алексеевка арқылы Қазақстан Республикасы аумағына келетін газ транзиті тоқтатылды», — деп хабарлайды Ресейдің Энергетика министрлігі өкілдері.