#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні белгілі болды

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді.

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Онлайн форматта өтетін іс-шараға түрлі өңірден өкілдер қатысады. Отырыс барысында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланады», деді Е. Қарин.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған болатынбыз. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар