#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Адасқан балықшы аман табылды

Ақпанның ақ бораны Тайынша ауданында да қатты болып, Петропавлдан келген 37 жасар балықшыны адастырып жіберген.

Ақпанның ақ бораны Тайынша ауданында да қатты болып, Петропавлдан келген 37 жасар балықшыны адастырып жіберген. Ол өзінің Макашев ауылының түбіндегі Құндыкөлдің маңында адасқанын қалтафонмен полицияға мәлімет үлгерген, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Учаскелік полиция инспекторы, ауыл әкімі, ТЖ қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қорықшылар бар — бәрі жоғалған адамды іздеуде күш жұмылдырған. Соның ішінде аңшылық шаруашылығының басшысы Қоблан Бекмурзин өзінің «Хищник» маркалы қар мен қопада жүретін көлігімен адасқан адамды таңғы сағат төрт кезінде тапқан. Балықшы үсуден аман, ауылға жеткізілді, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар