#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонды

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды.

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар