Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт тіркеледі, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
2021 жылдың қаңтар айында автомобиль көлігінде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн.теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде өрттер саны 2 есе артты (2020 ж. – 110), материалдық залал 5 есе өсті (2020 ж. — 15 млн.теңге).
Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.
Өрттердің жалпы санының 15-20%-ын автокөлік құралдарындағы өрт құрайды және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.