Самара-Шымкент тасжолының 307-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жүргізушісі Оралға бет алған жүк көлігімен соқтығысты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменті өкілдері апат 16 ақпанда сағат 18 шамасында болғанын атап өтті. Ваз-21102 жеңіл автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды.
ТЖД өкілі апат орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келгенін атап өтті.
«Жеңіл көлік жүргізушісі салонда жалғыз болған. Оның денесін арнайы құралдардың көмегімен алуға тура келді», — деді құтқарушылар.
Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы1-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.