#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елордалық ҚХА-ның кеңейтілген отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын шараларды талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын шараларды талқылады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Биыл қастерлі Тәуелсіздік жылнамасының жаңа парағы ашылды. Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт деп білеміз.

Нұр-Сұлтан қаласы  – Тәуелсіздіктің қайталанбас төлтумасы, еліміздің рухани-мәдени орталығы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елорда тек саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мінберлердің емес, мәдени және рухани ордаға айналды», деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Бақтияр Мәкен, Мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кең көлемде атап өту барысында халық бірлігін арттырып, елді ұйыстыруға арналған ізгі жобаларға басымдық беруге шақырғанын атап өтті.

«Бүгінгі жиналыста мен сіздерді алдағы жұмыстың бағыттарын талдауға, бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайтуға, этностар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа алаңдарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға шақырамын. Сіздерден сындарлы ұсыныстар, пайдалы бастамалар және бірлескен жемісті жұмыстар күтеміз», деді әкім орынбасары.

Соңғы жаңалықтар