#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жоғарғы Сот судьясы ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды

Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы ірі ақша сомасын алған кезде ұсталды.

Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы ірі ақша сомасын алған кезде ұсталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде биыл 11 ақпанда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың судьясы ірі көлемде ақша қаражатын алған кезде ұсталды», — делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша Жоғарғы сот кеңесінде атқарған жұмысы кезінде көрсеткен көмегі үшін ақша берілген.

Бір уақытта Түркістанда аудандық сот судьясы ұсталды.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар