#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін талап етсе не істеу керек?

ІІМ өкілі 13 ақпаннан кейін полиция қызметкері жолда тоқтатып жүргізуші куәлігін талап етсе, өзіңмен болмаған жағдайда айыппұл жазамын деп қорқытса не істеу керегін айтты.

ІІМ өкілі 13 ақпаннан кейін полиция қызметкері жолда тоқтатып жүргізуші куәлігін талап етсе, өзіңмен болмаған жағдайда айыппұл жазамын деп қорқытса не істеу керегін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Полиция қызметкері құжат талап етсе, 102 нөміріне немесе өзіндік қауіпсіздік бөліміне қоңырау шалсаңыз болады. Сот арқылы әкімшілік хаттама толтыруға қарсылығыңызды білдіре аласыз. Бұл жағдайда сіздің құқығыңыз шектелмейді», — деп жауап берді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, әр қызметкерге жаңа заңның нормасы түсіндіріліп, нұсқаулық өткізілген. Сондықтан мұндай оқиғалар болмайды.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүруді міндеттемейтін заң жобасы күшіне енеді. Жүргізушіге  тек жеке куәлігі қажет.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі жоқ болса ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Соңғы жаңалықтар