#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Депутат 50 отбасына көмір түсіріп берді

Бүгінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан өтініштер жиі түсіп жатыр.


Бүгінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан өтініштер жиі түсіп жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге кірісіп кетті.

Солардың бірі – Түркістан облысы, Созақ аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы. Ол тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының аз қамтылған, асыраушысы жоқ отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасыларға көмек көрсетті. Жомарт халық қалаулысы қаңтар айының соңында 50 отбасыға 1 тоннадан көмір түсіріп берді. Дәлірек айтсақ, 35 шаңыраққа көмір түсіріп берсе, 15 отбасының әрқайсысына көмір алатын қаражат ұсынды.

Үйлерге қатты отынды үлестіріп, таратып беруге әдеттегідей Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Value» еріктілер ұйымы көмектесті. Қысы қаталдау келетін теріскейлік тұрғындар депутат пен ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары. Бұл азаматтар Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында қоғамдық қабылдаулар өткізіп жатыр. Қаңтар айынан қазіргі күнге дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутаттары 70 кездесу өткізіп, 214 тұрғынның өтініштері мен талап-тілектерін қабылдап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар