Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», — дейді баспана иесі.
Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы «Отбасы Банктен» алуды ұйғарған.
«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым», — дейді кейіпкер. — Ипотеканы «Отбасы Банктегі» аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.
Банк өкілдері баспана иесін 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін аралық заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейтіні қуантқанын жазды.
«Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады», — делінген хабарламада.