Қостанайда полиция мен қала тұрғындарын 4 күннен бері әуре-сарсаңға түсірген «телефон террорисі» іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Келесі күні лаңкес полицияға тағы бір хабарлама жібереді. Бұл жолы құрылыс материалдарын сататын ірі сауда орталығынан 87 адамды тысқа шығаруға тура келді. Бұл жолы да сауда ғимаратында ешқандай жарылғыш зат жоқ болып шықты.
Ақпанның бірінде полиция департаментіне электрондық пошта арқылы автовокзал аумағына жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түскен.
«Арнайы мамандар ғимаратты түгел тексеріп шықты. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Автовокзалдан 40 адам эвакуацияланды», деді облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин.
Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Полиция мәліметі бойынша, тұрғындарды 4 күн қатарынан дүрліктіріп қойған жалған ақпаратты бір-ақ адам таратып отыруы мүмкін.