Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.
Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.