Шымкентте заңсыз алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2 мың бөтелкеден астам алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 мыңнан астам марка, сұйықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-нен астам бос бөтелке, 400-ден астам қақпақ тәркіленді», делінген хабарламада.
Комитеттің мәлімдеуінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы 2-бөлігімен (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама мен тергеу амалы жүргізіліп жатыр.