Министрлер қазақстандықтарды онлайн-форматта қабылдайды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Nur Otan партия мүшелері және министрлердің қабылдауына жазылу үшін 8 800 080 4441 call-орталығына (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), 8700 800 4441 WhatsApp нөміріне немесе komek@nurotan.kz электрон мекенжайына хат жіберу қажет.
Қабылдау күндерінің тізімі:
- 3 ақпан — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- 5 ақпан — Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова;
- 17 ақпан — Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов;
- 18 ақпан — Сыртқы істер премьер-министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді;
- 19 ақпан — Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев;
- 24 ақпан — Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев,
- 25 ақпан — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов;
- 26 ақпан — Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.