#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өскеменде мембағдарламамен салынған тұрғын үй аязға шыдамады

Бір жыл бұрын Өскеменде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасымен салынған үй қабырғасы аяз бен желден сөгілді.

Бір жыл бұрын Өскеменде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен салынған үй қабырғасы аяз бен желден сөгілді. Тұрғындар мембағдарлама бойынша тапсырылған үйдің көптеген кемшілігі бар деп шағымданды. Тұрғындар тағы 20 жыл ипотека төлеуі керек, бірақ ғимараттың осы мерзімнің жартысына да шыдайтынына сенімсіз. Жаңа қоныс иелері прокуратураға Қазақстандық ипотекалық компаниядан барлық кемшілікті жоюды талап етуді сұрады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Astana.tv арнасына сілтеме жасап.

Жаңа ғимараттың сыртқы қаптауы аяз бен боранға шыдай алмады, деп хабарлады телеарна. Ол да, жылу сақтайтын қаптауы құлады. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламамен салынған пәтерлердегі көптеген кемшіліктерге тағы бір проблема қосылды дейді.

«Жетінші қабаттағы көршіміз суықтың салдарынан жалдамалы пәтерге көшуге мәжбүр болды. Біз Қазақстан ипотекалық компанияға (ҚИК) жүгіндік, олар осы құрылысқа жауапты. Бірақ әзірге уәде берумен шектеліп келеді», — деді жаңа ғимарат тұрғыны Берік Төлембек.

Өскемен тұрғындары ҚИК арқылы 20 жылға ипотекаға тұрғын үй сатып алған. БАҚ мәліметінше, сатылған 162 пәтерге бір жыл ішінде 90-ына ғана адам қоныстанған. Енді несиенің ай сайынғы төлеміне жөндеу шығындары қосылды. Кейбір тұрғындар пәтерді алудан бас тартуға тырысты, бірақ банк ақшаны қайтармайды. Көбі прокуратураға шағым түсірді.

«Біз үйді салған мердігер жауапкершілігін анықтау үшін облыстық прокуратураға жүгінеміз. Пайдаланылған материалдар бұрын қолданылған. Қазақстандық ипотекалық компания біледі, бірақ ешқандай көмек жоқ. Олар ештеңе істей алмай отыр. Біз прокурорлық тексеріске үміттеніп отырмыз», — деді үй тұрғыны Бақытбек Амренов.

Прокуратура бәрін егжей-тегжейлі анықтауға уәде берді. Сонымен қатар, Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілдері құрылыс салушыны жауапқа тарта алмайтынын айтты. Үйді салған құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылып, банкрот деп танылды.

Қазір тұрғындар әр пәтер бойынша ақауларға ведомость жасап, ипотекалық компания өкілдеріне тапсырды. Алдағы айларда барлық құрылыс кемшіліктерін жоюға уәде береді.

Соңғы жаңалықтар