2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ADYM.KZ Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылы елде сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп. Ал электр қуатын тұтыну екі пайызға артты, бұл — сағатына 107,1 миллиард киловатт.
Электр энергиясы Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек шығарылса, тұтыну көлемі бойынша Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары алда.