#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстан Түркістаннан Ташкентке дейін теміржол салуды бастайды

Биыл Түркістаннан Шымкент арқылы Ташкентке дейін жүрдек пойыздарға арналған теміржол салу жоспарлануда.

Биыл Түркістаннан Шымкент арқылы Ташкентке дейін жүрдек пойыздарға арналған теміржол салу жоспарлануда. Бұл туралы 26 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

«Биылғы жылы 1,1 трлн теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары басталады. Атап айтқанда, экотуризм мен ұлттық саябақтарды перспективалық туристік бағыт ретінде дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады. Туристер ағынын арттыру үшін Түркістан — Шымкент — Ташкент бағыты бойынша жүрдек теміржол құрылысы басталады», — деді Асқар Мамин.

Еске салайық, 2017 жылдың наурызында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы «Ташкент — Алматы — Ташкент» бағыты бойынша жүре бастады. Саяхат уақыты шамамен 17-18 сағатты құрайды. Жол бойында Отар, Шу, Тараз, Шымкент және Сарыағашқа соғады.

Сондай-ақ, тараптардың Самарқанд-Түркістан бағытымен жүретін пойызды іске қосу үшін жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар