100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу де жоспарланып отыр. 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады.
«Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады», деді Премьер-Министр.