#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады

Түркістан облысында пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Түркістан облысында пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты өңірде 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина алдымен медицина қызметкерлеріне салынатын болады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. «Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 13% болып отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар 12 жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік берді», деді М.Пашимов.

Ал облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Бүгінде облыс бойынша 1 – 19 қаңтар аралығында  COVID-19  расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 болған.

Соңғы жаңалықтар