Алматы облысында 22 жастағы жігіт қайтыс болғаннан кейін полиция басшысы жұмыстан босатылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Қылмыстық іспен бір мезгілде суицид дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде қызметтік беделдің түсуі анықталды.
Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша бұрын өз еркімен жұмыстан босату туралы рапорт берген төрт полиция қызметкері бүгінгі күні теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Ақсу аудандық полиция басшысы қызметінен босатылды», — деді полицейлер.