Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарда қандай неврологиялық асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл ауру салдары әлі аз зерттелген. Олар инфекцияның өткір кезеңінде пайда болуы мүмкін. Асқынулар кешігіп те шығады — яғни олар адам жазылғаннан кейін пайда болады. Бүгінгі коронавирустың болашақта мидың ауыр ауруларының дамуына қандай серпін беретіні белгісіз. Жақсыға үміттенеміз», — деді жоғары санатты невропатолог және медицина ғылымдарының кандидаты Неонила Фомина-Чертоусова.
Коронавирустан кейін адамда орталық жүйке жүйесінде проблемалар да туындайды: ұйқысы нашарлайды, бұлшықеттерге зақым келеді.
«Тіпті ковидпен байланысты инсульт деген ұғым пайда болды. Коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек — шамамен алты пайызға», — деп түсіндірді Фомина-Чертоусова. Ол инсульт вирус жұқтырған соң бірнеше аптадан кейін болуы мүмкін екенін немесе аурудың белгісіне айналуы мүмкін екенін атап өтті.
Фомина-Чертоусова неврологиялық аурулары бар адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, негізгі диагноз бойынша ұсыныстарды орындауға кеңес берді. Сонымен қатар, денсаулықты мұқият күтіп, эпидемияға қарсы ережелерді сақтау керегін айтты.