12-13 қаңтар аралығында Департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 2 рет шықты, оның барысында қар құрсауынан 13 адам құтқарылды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлығын жылыту пункттеріне көшірді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
2021 жылғы 12 қаңтарда 23 сағат 35 минутта Департаменттің «112» пультіне Екібастұз ауданы Төрткұдық а/о Босшакөл станциясының көпіріне жетпей, қар құрсауында техника тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, ішінде 4 адам болды. № 14 өрт сөндіру бекетінің құтқарушыларымен қар құрсауынан 4 адам құтқарылды және Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне эвакуацияланды.
2021 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және Республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері ашылды.
«Қазгидромет» Павлодар филиалынан департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне 1 дауылды ескерту келіп түсті, облыстың автомобиль жолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін 4 рет қозғалыс жабылды. Облыс тұрғындарын құлақтандыру мақсатында ұялы байланыс операторларына 5 рет мәтіндік хабарлама жолданды, оның барысында 4 млн.218 мың 230 ұялы байланыс абоненті хабарланды, 5 рет «Дәрмен» қосымшасында ақпарат орналастырылды.
Өз кезегімізде, Павлодар облысы ТЖ департаменті азаматтардан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден шықпауды және құтқарушылардың ескертулерін ескеруді сұрайды.