#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Ақжайық» командасына бас бапкер келді

Украина маманы Владимир Мазяр еліміздегі «Ақжайық» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, В.Мазяр бұдан бұрын да команданы жаттықтырған болатын. 2018 жылғы маусымда украиналық маман бас бапкер болған кезде «Ақжайық» премьер-лигада тоғызыншы турдан кейін алтыншы орында тұрған еді.

В.Мазярдың ойыншы ретінде де тәжірибесі мол. Спорттық жолында түрлі командаларда 300-ден астам матч өткізген шабуылшы 79 гол соқты. Украина, содан кейін Әзербайжан чемпионаттарында өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Өз елінде 43 жастағы маман «Сталь» (Днепродзержинск), «Верес» (Ровно), «Рух» (Винники), «Полесье» (Житомир) командаларын жаттықтырды. Өз клубтарының шеберлігін арттырып, екінші лигадан біріншіге, бірінші топтан Украинаның премьер-лигасына алып шықты.

Соңғы жаңалықтар