Үкімет басшысы Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық бетперде, қолғаптың болуын қадағалап тұрады. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр.