Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кутушова Сәуле Әсетқызы «ЕСІКТЕН — ЕСІККЕ» акциясы аясында Қошқарата ауылдық округінде «Кедергісіз келешек» жоба аясында тұрғындармен үйме — үй жүріп кездесті. Кездесу барысында партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты 7 басым бағыттары жайлы, атап айтқанда:
Басты мақсатымыз халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Кәсіпкерлікті дамытуға «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ТО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 1500 жобаны несиелендіруге, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 80 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға; мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 120-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға партия ықпал жасайтындығы жайлы түсіндірді.Үміткер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.