#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазыналы қария қарапайым қандастар

"Жақсы қария қартайса, көңілі толған хат боларды" ойға алып менің бүгінгі жексенбілік жортуым Ескіқорғанға арналды.

«Жақсы қария қартайса, көңілі толған хат боларды» ойға алып менің бүгінгі жексенбілік жортуым Ескіқорғанға арналды. Ақтөбе ауыл округінің Ескіқорған ауылы шекара маңында орналасқан, елді мекенде қазақ, өзбек, түркмен ұлтының өкілдері тонның ішкі бауындай араласып ынтымақта өмір сүруде. «Nur Otan» партиясынан үміткер Жанар Абдукаримова Сайлауалды бағдарламаны насихаттау мақсатында ауыл ақсақалы Қ. Тиллабаевтың  отбасына бас сұқты. Қолы шебер, жаны жомарт қария басым бағыттардан құлағдар болып бүкіл отбасы мүшелерімен «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді. Кезінде совхоз бөлімшесінде түрлі қызметтерді атқарған ақсақал сол елді мекен тарихына байланысты ескі әңгімелермен бөлісті. Қазақ елімен құдандалы болып немере-шөбере сүйіп отырған қазыналы қария елге, халыққа амандық тіледі.

Елді мекеннің атауына байланысты қырлы аймағындағы тарихи ескі қорғанның орны кешегіге дейін болып келген, сол маңға ілгеріректе қоныстанған бес-алты үйдің саны артқан бүгінде.  Өзбекстаннан қоныс аударған қандастарымыз ауыл халқының санын арттыруымен қатар қырлы өңірді жасыл желекке айналдырып көкөніс егудің озық үлгілерін көрсетуде.  Бірі төрт түлік малмен айналысса, бірі есік алдына жылыжай салып, көшет өндіріп еңбектенуде. Көпбалалы отбасылардың бірі Қ.Шойновтың отбасына барып хал-жағдайымен танысып, Сайлауалды бағдарлама бағыттарын таныстырдым. Қандас бауырлар «Nur Otan» партиясының игі істерін алға тартып, партияны сеніммен қолдайтындарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар