Түркістан-Шардара: Шардара ауданы негізінен аграрлық аудан болып саналады. Қазіргі таңда аудан көлемінде 64 мың гектар суармалы жер бар. Аталған егістік аумақтың жер асты суының қалыпты деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін тік дренаждарды қайта қалпына келтіру қажет. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалып, сараптама қорытындысы алынған. Осы жұмыстар қолға алынғанда егіс көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылық өнімдерін де мол алуға болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
-мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының 3 кезеңі (ПУИД-3)» бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдары аудан көлеміндегі 302 тік дренажды қайта қалпына келтіруге;
-ағын су жүйелері мен қашыртқыларды қайта құрылымдаудан өткізуге;
-6 ауылдық округтердегі (Достық, Ақшеңгелді, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата, Тұрысбеков) 3496 га суармалы жерді қайта айналымға қосуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін аудан көлеміндегі 302 тік дренаждар қайта қалпына келтіріліп, ағын судың пайдалы әсер коэффициенті 83%-ға артады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.