#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шардарада 1000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады

Түркістан-Шардара: Сырдария өзенінің бойында орналасқан Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында аталған саланы дамытуға баса назар аударылған.


Түркістан-Шардара: Сырдария өзенінің бойында орналасқан Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында аталған саланы дамытуға баса назар аударылған. Бұл жайлы партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер елмен кездесу барысында кеңінен насихаттап жүр.

Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту мақсатында орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ендігі жерде ауданда туризм кластерін дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық базасын нығайту қолға алыну қажет.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
2025 жылға дейін Шардара су қоймасы жағалауынан туризмді дамытуға;
-туристік аймақта қонақ үй, яхт клуб, ресторан, аңшылар мен балықшылар үйін, аквапарк және т.б. жалпы 60 нысанды орналастыруға;
-жаңа жұмыс орындарын ашуға;
-қалаға жылына 45,0 мыңнан астам туристердің келуіне;
-аудан бюджетінің кіріс бөлігін нығайтуға;
-жағажайда жүйелі түрде тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға;
-туристік аймақ аумағын санитарлық талапқа сай ұстауға;
-келуші туристер, аудан тұрғындары, сондай-ақ нысан иелері мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін ауданда туризмді дамыту үшін 60 нысан мен жаңадан жаңа жұмыс орындары ашылып, қалаға жылына 45 мыңнан астам туристердің келуіне жағдай жасалады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Соңғы жаңалықтар