Елімізде 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары мәреге жетуі жақын. 10 қаңтар күні халық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасайтын болады.
Дегенмен «Nur Otan» партиясы атынан саяси додаға түскен үміткерлер әр күн мен әр сағатты тиімді пайдаланып, аудан-ауылдарда түрлі форматтағы кездесулер өткізуде.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Айтмурзаев Нұрлан Ташимов Ғалымжан, Көбеев Данияр, Тайсалов Мади, Батырбаев Саян, Нұран Марат, Қайрат Ақтөре, Айгүл Абилаханова «Есіктен-есікке» акциясы және де канвассинг, экспромт кездесулерді Қазығұрт ауданына қарасты барлық ауылдарға барып, халықпен жүздесіп, сайлауға дайындықтарынан хабардар болды. Сондай-ақ олар елдің жай-күйін сұрап, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ түрді. Сондай ұсыныстың бірі зейнеткерлік жастың ұлғаюы турасында болды. Үміткерлер «Сайлауда жеңіске жетсек, осындай елдік мәселелерді мінбелерде көтеретін боламыз. Сондықтан «Nur Otan»-ды қолдайық, ағайын!» деді.
Ауылдағы ағайынмен жүздескен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарға тоқталды.
Әсіресе партияның халықтың жақсы тұрмыс кешуін басты назарда ұстайтынын айтып, алдағы жылдары ауыл көшелерін жөндеу, елдімекендерге таза ауыз су, көгілдір отын, сапалы интернет тару көзделуде екенін айтты.
Ауыл тұрғындарымен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған кандидаттар сайлауға тегіс қатысып, жетекші партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі