#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Nur Otan» партиясы: Қазығұрт ауданында 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Қазығұрт ауданында жалақысы қазіргіден анағұрлым жоғары 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады.


Қазығұрт ауданында жалақысы қазіргіден анағұрлым жоғары 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендейтін болады. Бұл партияның бағдарламасында көрсетілген. Қазығұрт ауданында орналасқан «Ешанқұл ата» базарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Н.Аширов осы мәселеге тоқталды.
Ол кездесу барысында алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының ықпалымен жүзеге асырылатын жұмыстарды баяндады.
«Алдағы уақытта халықтық партия ауданда жалпы құны 11,6 млрд. теңге болатын 130 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлардың есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салалары дами түседі деген сөз. Яғни, ауданның әлеуеті артып, азаматтардың әлеуметтік жағдайы оңалатынын көрсетеді. Осындай ауымды істерді іске асыруға ниет етіп отырған партияны ел болып қолдауымыз керек деп ойлаймын», – деді Н.Аширов.
Сондай-ақ, партия мүшесі ауданда жүргізілетін инфрақұрылым жүйесіне де кеңінен тоқталды. Оның сөзінше, аудан халқы сапалы ауыз сумен 100 пайыз, көгілдір отынмен 95,3 пайызға жетеді. Сондай-ақ, 80 шақырымға жуық аудандық маңызы бар автомобильдер жолдары жөндеуден өтеді. Одан бөлек, партия білім сапасын арттыру үшін тиісті шараларды қолға алуда. Мәселен, 16 ауылдан жалпы сыйымдылығы 1800 орындық 16 мектеп салынады деп күтілуде.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысқан азаматтар бүгінге дейін осы саяси ұйымды қолдап келе жатқанын, алдағы сайлауда да дауыс беретіндерін білдірді.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕР!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар