#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Асқар Мамин: Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түседі

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын.

Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді.

Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді.

Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі.

Православ христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін!

Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын.

Соңғы жаңалықтар