#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Nur Otan» нақты істер партиясы

Насихат топтары бүгін де «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастырды.

Насихат топтары бүгін де «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастырды. Осыған орай бүгін қалалық маслихат депуттатығына үміткерлер Баршагүл Исабек және Дулат Қуашбаев «Болашақ» коледжінің ұжымымен кездесті. Үміткерлерді жақсы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда ҚР азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін «Nur Otan» партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді. Кездесу барысында үміткерлер бас партияның сайлау алды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Шымкент қаласының дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын (тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру) таныстырып, алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесу білім саласының өкілдерімен болғандықтан, әсіресе білім саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Айта кетейік, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады. Қаламызда 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары болып табылады. Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі. Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі деді үміткерлер. Кездесуде бағдарламаны мұқият тыңдаған қызметкерлерге акция аясындағы брошюралар мен Бас партияның сайлауалды бағдарламалары таратылды. Өз кезегінде мекеме ұжымы өз дауыстарын партияның кандидаттарына беріп, бүкіл отбасымен 10 қаңтарда сайлау учаскесіне барып нақты істер партиясы — «Nur Otan»» дауыс беру үшін келетіндігін айтты.

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Соңғы жаңалықтар