#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Nur Otan» партиясы: Келес ауданы 2025 жылға ұарай 100 пайыз сапалы электр энергиясымен қматылады

Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Нұралы Давлетяров сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Келес ауданына қарасты бірқатар елдімекендер мен әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады.


Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Нұралы Давлетяров сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Келес ауданына қарасты бірқатар елдімекендер мен әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады. Ол азаматтармен өткен кездесулерде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындарды халықтық партияға дауыс беруге шақырды.
Кандидат өз жұмысын алдымен Ошақты ауылдық округіндегі көпбалалы аналардың ақ батасын алудан бастады.
«Nur Otan» қашанда елдің игілігі жолында жұмыс істеп, халықтың шын жанашырына айналған бірегей саяси ұйым. Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы 5 жылда азаматтардың өмір сүру сапасы бұдан да жақсара түсетін болады. Мәселен, 2025 жылға дейін аудан 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі таңда, бұл көрсеткіш 65 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 47,5 пайыздан 98,8 пайызға жетеді. Бұл жұмыс жоспардың ішіне сіздердің ауылдарыңыз да енгенін айта кеткім келеді», – деді Н.Давлетяров.
Сондай-ақ, депутаттықтан үміткер азамат Ақтөбе ауылдық округіне қарасты елдімекендерді де аралап, ауылдардағы өзекті деген мәселелермен танысты. Ондағы көтерілген негізгі проблемалар инфрақұрылым жүйелеріне қатысты болып отыр. Н.Давлетяров партияның сайлауалды бағдарламасында әрбір ауылдың мәселесі енгізілгенін айта келе, 2025 жылға дейін ішкі көшелердің қанағаттанарлық деңгейі 100 пайызға, аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 94,9 пайызға жететінін айтты. Одан бөлек, 28 ауыл, яғни ауданның 95,2 пайызы сапалы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 60,7 пайызға жеткен.
Сонымен қатар, Н.Давлетяров Алпамыс ауылдық округінде «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Шара барысында ауданда медициналық және білім саласына қатысты жаңадан салынатын нысандар туралы да мәлімдеді. Сондай-ақ, кандидат «Facebook» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде тұрғындарды толғандырған біршама сауалдарына жауап берді. Одан бөлек, аудандағы сауда орындарын аралап және зиялы қауым өкілдері мен көпбалалы аналардың үйінде болып, партияны қолдауға шақырды.

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының сайлауалды қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар