Атырау облысындағы ең ірі кеніштің бірі – Теңіз. Кеше осындағы вахталық кентте орналасқан қойма отқа оранды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады» делінген «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Өрт туралы тиісті органдарға хабарланыпты. Енді қойманың неден өртенгені тексеру кезінде анықталады.