Бұл жұмыстар «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы арқылы жүзеге асырылмақ.
Жалпы ауданда облыстық маңызы бар 235,2 шақырым, аудандық маңызы бар 48,73 шақырым автомобиль жолы болса, елді мекендердің ішкі жолдары 504,3 шақырымды құрайды.
«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал ететін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 80% (48,3 ш.қ.) жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
-7,3 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде:
-2021 жылы – орташа жөндеу 3 шақырымдық (КХSH-7 «КХ-8 Шардара – Арыс – Темирлан – Қоссейіт»);
-2022 жылы – орташа жөндеу 1,4 шақырымдық (КХSH-1 «КХ-72 Абай – Шардара – Водозабор»);
-2023 жылы – орташа жөндеу 1,8 шақырымдық (КХSH-2 «КХ-72 Абай – Шардара Дача «Достық»);
-2024 жылы – орташа жөндеу 1,1 шақырым (КХSH-12 «КХ-8 Шардара – Арыс – Темирлан – Кызылкум»);
-11 ауылда 59 шақырымдық ауылішілік жолдарын жөндеуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар жолдар 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетеді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.