Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз бастады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Vesti.kz cілтеме жасап.
Бұл туралы ESPN басылымына Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді, ол жекпе-жек 2021 жылдың мамырына жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Бәрі жақсы өтіп жатыр. Менің ойымша, бұл жекпе-жекті өткізуге үлкен мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біз келіссөз жүргізіп жатырмыз», — деді Бельтран.
Ал Головкин желтоқсанда Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.
Айта кетейік, Хайменің орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы болған еді.