Түркістан-Шардара: Тұрғындарды мазалайтын мәселелер «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілген. Ол жоспарлардың алдағы 5 жылда орындалуы көзделген. Ауданды дамытудың 7 басым бағыты белгіленіп, жүзеге асырылмақ. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау.
Жоғарыда аталған Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді газдандыру мен жолдардың сапасын жақсарту мәселелері айырықша аталған.
Таяуда аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Қоссейіт ауылдық округінде бағдарламаның бағыттарын баяндап, ауылдағы өзекті мәселердің бірі – газ және жол сапасын жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар барысын атап өтті.
– Газдандыру жобасына байланысты Шардара ауданының 3 елді мекені табиғи газ көзіне қосылған. Оларда тұратын халық саны – 13 730 адам (2026 үй), яғни аудан тұрғындарының 17,3%-ы.
Алдағы 5 жылда газбен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесін 17,3%-дан 99,4%-ға жеткізу көзделген. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған 5 елді мекенді (Қылықұм, Сүткент, Ақшеңгелді, Достық, Егізқұм) орталықтандырылған газ құбырына қосу жұмыстарына және Шардара қаласын газдандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары көгілдір отынмен 99,4% қамтамасыз етіледі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.