#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан-Мақтаарал: Алдағы 5 жылда ауыз су ауылдарда да толық шешімін табады

Партияның сайлауалды бағдарламасында басымдықтарға ие болған осы және өзге де мәселелердің жоспарына жоғары баға берген ауыл ақсақалы партияны қолдайтынын жеткізді.


«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық мәслихатының жүйелік кестесіне сәйкес Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Иіржар ауылдық округіне қарасты Алаш елді мекенінің тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Тастановпен кездесті. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шара барысында қос кандидат ауыл ақсақалына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен және ондағы басымдықтармен таныстырды. 10 қаңтарда болатын сайлауда жаңашылдықтың, игі істердің бастамашысы бола білген партияға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды. Ақсақал өз кезегінде ауылдың ауыз суының мәселесін көтеріп, тұщы суға қол жеткізе алмай отырғандықтарын айтты.

Сәрсенбай Тастановтың көтерген мәселесіне байланысты қос кандидат «Nur Otan» партиясының ықпалымен биылғы жылы Наурыз, Алаш, Өргебас елді мекендерінің ауыз су жүйесіне 274 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылғанын, келесі жылы Атакент кенті мен Береке, Иіржар елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілетіндігін,  бұл мақсатта бюджеттен 516 млн теңге қаржы қаралып отырғандығын жеткізді.

Жалпы алғанда «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартып, тозығы жеткен ауыз су ұңғымаларын қайта қазуға, құбырларын жаңартуға ықпал ете отырып 2025 жылға қарай аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Партияның сайлауалды бағдарламасында басымдықтарға ие болған осы және өзге де мәселелердің жоспарына жоғары баға берген ауыл ақсақалы партияны қолдайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар