#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында қаруланған ер адам ұсталды

Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды.

Қазығұрт ауданында көшеде қарумен жүрген ер адам ұсталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап..

Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне кешкі сағат 21:40-да белгісіз ер адамның көшеде қарумен жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден криминалды полиция мен жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталды.

«Lada көлігін тінту барысында жедел уәкілдер жолаушыға тиесілі аңшы қаруы мен оқтарды тәркіледі. Полиция қызметкерлері күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол ұсталды. «, — делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді. Іс сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар