Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Елғонов Қайрат Тастемірұлы мен Адамбеков Нұржан Әмірсейітұлы Монтайтас елді мекенінің тұрғындарымен насихаттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдағы ағайынның ұсыныстары мен пікірлері назарға алынып, олар көтерген өзекті мәселелер алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының ықпалымен шешімін табатын болды.
Жастар – мемлекеттің болашағы. Арыс қаласында 18 мыңнан аса жастар бар.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 93 білікті жас маманды тартуға (әлеуметтік қолдау: тұрғын үй, көтерме жәрдемақы беру арқылы);
жастардың жұмыссыздық деңгейін 1,3%-дан 1,2%-ға дейін төмендетуге;
жыл сайын жаңа мамандықтарға 65 адамды қайта оқытуға;
барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамытуға;
«Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамасының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын кемінде 5 грант беріп, жастардың өзінің бизнесін ашуына жәрдемдесуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастардың жұмыссыздық деңгейі 1,2%-ға төмендейді.