#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заң жобасын Парламент депутаттары ұсынған. Ол қабылданған жағдайда мыналар қарастырылады:

  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лимиттерін айқындау жөніндегі тәсілдерді өзгерту;
  • мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға арналған шығынның экономикалық тиімдігіне бағалау жүргізу;
  • бюджеттік өтінімдерді шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеулермен енгізу;
  • Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейту үшін контрциклді бюджет ережесін енгізу;
  • республикалық бюджетте президенттік бастамаларға арналған резервті жоспарлау;
  • «мемлекеттік тапсырма» тетігінің қолданысын жетілдіру;
  • республикалық бюджет жобасына материалдарды Парламентке ұсыну форматын өзгерту

Соңғы жаңалықтар