Бүгін “Nur Otan” партиясы Созақ аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Есмұратова Гүлшат Есбергенқызы «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ аясында Шолаққорған ауылы З.Темірбекова және С.Төлендіұлы көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, негізгі басымдықтары түсіндірілді. Сайлаушылар тарапынан қойылған сауалдар назарға алынып, нақты жауаптар берілді.
Жетекші “Nur Otan” партиясының бастамаларын бірігіп жүзеге асыру үшін дауыс беріп қолдауға шақырды.