#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында жауынгершілік жекпе-жек спортшылар санын 5000-ға жеткізу көзделуде

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің Халықаралық имиджін көтеруге күш салып отырған «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 1 жылға жуықтаған.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің Халықаралық имиджін көтеруге күш салып отырған «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 1 жылға жуықтаған. Қауымдастық жыл ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Жеткен жетістігін саралап, алдағы жоспармен бөліскен қауымдастықтың құрметті президенті Әбілсейіт Дүйсебаев «Túrkistan arena» стадионының мәжіліс залында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.
«Биылғы жылды қорытындылай келе, эпидемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан Түркістан облысының жауынгерлік өнер ассоциацияның спортшылары мен бапкерлері жоғары белестерді бағындырды. Облыс әкімдігінің қолдауымен филиалдың штаты толық бекітіліп, қажетті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда қауымдастықтың құрамына енген 8 олимпиадалық емес спорт түрлерінің жетекшілері бірлесіп алдағы жылы Халықаралық және республикалық ареналарда облысымыздың беделін нығайтуға атсалысуымыз қажет», — деді Әбілсейіт Оразақынұлы.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінен соң бірлестіктің құрметті президенті — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев пен «Туризм және меймандостық Халықаралық университетінің» ректоры Майнюра Мұрзамадиева екіжақты келісімге қол қойды. Меморандум аясында университет ішінен спорт клубын ашу, университет спорт залдарында оқу- жаттығу жиындарын ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар, мектеп спортшыларын аталған университетте гранттық негізде оқыту және жатақханамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Халықаралық стадионнан Қауымдастықтың 1 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілген кеңсенің салтанатты түрде лентасы қиылды. Ассоциацияның биылғы жылды қорытындылаған жиынында ҚР чемпионаттарында жүлдегер атанған спортшылар марапатталды. Сондай-ақ, жекпе-жек өнерінің дамуын үлес қосып жүрген қауымдастық мүшелері мен журналистер қауымына да Алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіретін аккредиттелген 25 федерация болса, Түркістан облысында 8 федерация жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Таэквондо ITF, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек, Панкратион және греплинг, Ушу кунг-фу, Карате, Самбо күресі, Муайтай, Кикбоксинг федерациялары.
Жоспарға сай келер жылы жаттықтырушылар санын 15 штатқа көбейту және спортшыларды 100 дана спорттық киіммен қамтамасыз етуге қаржы қарастыру жоспаралануда. Бүгінде жекпе-жек спортымен облыс көлемінде 3000-ға жуық спортшы айналысса, алдағы уақытта спортшылар саны 5000-ға дейін жеткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылмақ.

Соңғы жаңалықтар